Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады?

/uploads/thumbnail/20251202115311944_big.webp

Биыл 16 желтоқсан сейсенбі күніне түсетіндіктен, ел тұрғындары апта ортасында қысқа демалысқа шығады.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде желтоқсан айында жалпы 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болса, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде 5 демалыс және 26 жұмыс күні қарастырылған. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күні демалыс болады. 2025 жылы 31 желтоқсан сейсенбіге түсіп тұр, ол жұмыс күні болып қала береді.

Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады?

 
 

Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер;
  • 3 және 4 қаңтар - демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер;
  • 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество).
Связанные теги :

Связанные Статьи