Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өртте барлық отбасы мүшелерінен айырылған балаға психолог пен жақындары ата-анасы, қарындасы мен әжесі қаза болғанын естіртті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Олар балаға қайғылы жаңалықты естіре алмай біраз қиналған. Мәскеудің бас жасөспірімдер психиатры Анна Портнованың айтуынша, баланың туыстары мен психологтар баламен сөйлесудің оңтайлы әдісін таңдады.
11 жастағы Сергей отбасынан айырылғанын естігенде жылаған, бірақ бірден есін жиып, енді кіммен тұратынын сұраған.
Айта кетейік, «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өртте терезеден секірген жасөспірімнің барлық отбасы мүшелері өртте көз жұмды. 11 жастағы Сергейдің ата-анасы, әжесі мен қарындасы қаза болды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, олар сауда орталығына балалардың біріне бас киім алуға барған. Балаларға арналған алаңқайда өрт басталғанда ешқайсысы шығатын есікті таба алмаған. Әкесі Сергейді 4-қабаттан итерген, қалғаны секіріп үлгермеген.
Оставить комментарий