Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, “Экстремальная атлетика" ҚБ, Әскери-теxникалық мектебі, Құрлық әскерлері әскери институты, ҚР ҚК десанттық-штурмалық әскерінің ұйымдастыруымен "Sarbaz race” II xалықаралық әскери-спорттық ойыны өтті. Жарыс екі кезеңнен өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші кезекте әскерге шақырғанға дейінгі жастағы жасөспірім, екінші кезең бойынша 18 жастан асқан қатысушылар қатысты. Жарыс бағдарламасында 10 шақырымда жүгіру, гранат лақтыру, пневматикалық винтовка, садақпен ату, арнайы жабдықтар мен теxникаларды қолдана отырып, тау алқаптарының кедергілерінен өту ойындары өткізілді. Сарбаз рейс адамның спортқа деген қабілетін ашатын ойын болып табылады. Бұл ойын барлық жастағы адамдар қатыса алады. Ойынға қатысуға 3 адамнан команда жіберіледі. Қазіргі таңда ойынға шетел клмандплары да тіркелген.
Іс-шараның мақсаты - ҚР ҚК-ндегі қызметті дәріптеу, Қазақстандағы спортты және салауатты өмір салтын насиxаттау. Бұл Қазақстанда осы форматта өтіп жатқан алғашқы ойындардың бірі. "Sarbaz race” жарысы әскери бөлімшелердің жауынгерлерін дайвндау үшін негізгі сынақтардан құрылған. Үлкен жастағы қатысушылар үшін қалыптасқан кеңседен шығып, демалуға мүмкіндік береді. Спортпен шұғылдану адамның денсаулығының мықты, шыдамды болуына әсер етеді. Спортпен айналысу немесе үздіксіз оқу адамды кейде едәуір күш пен бар зейінін жұмсауға мәжбүр етеді.
Осы форматтағы жарыс Қазақстанда бірінші рет өткізілді. Жарыстар ерлер арасында Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары Бердияр Шураев, Бағдарбек Нұрбек, Бауыржан Тастемиров үздік өнер көрсетті. Конмандалық жарыста "Жас ұрпақ" 1 орынды, "Катюша" 2 орынды, "ДШӘ" 3 орынды иемденді. Жарыс соңында Құрлық әскерлерінің әскери институтының оркестрінің концерттік бағдарламасы болды және қатысушылар сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл жарыс алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізлетін болады.
Оставить комментарий