Семейдегі су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы есепшот ашылды

/uploads/thumbnail/20180402163107003_small.jpg

Семей қаласы қоғамдастық өкілдері мен ардагерлер кеңесінің ҮНДЕУІ

АРДАҚТЫ АҒАЙЫН, ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР, ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өздеріңізге мәлім, «Ертіс» өзенінің арнасынан асуына байланысты Семей қаласының бірқатар аудандарын су басты. Қазіргі таңда 280-нен астам үйді, 500-ден астам үй аумақтары және 400-ден астам саяжай аумақтары су астында қалып отыр. Ең бастысы, адам шығыны орын алған жоқ. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Арнайы комиссия құрылып, жұмыс жасауда. Су басқан аймақтардың халқы үйсіз қалып отыр. Олардың ішінде балалар, қариялар, жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Барлығы да арнайы орындарға көшірілген.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халқымыз қай заманда да қабырғасы қайыспай қиындық пен ауыртпашылықты бірге жеңе білген. Қолдауды  қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Сондықтан қиын жағдайға ұшыраған жерлестерімізді жан-жақты қолдап, ынтымағы берік, бірлігі жарасқан ел екенімізді көрсетіп, қолдау көрсетейік.

«Өзін ғана ойлаған –

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі», – дегендей, мүмкіндігінше отандастарымызға қолдау жасап, зардап шеккендерге материалдық және моральдық көмек беріп, өз үлестеріңізді қосамыз десеңіздер, арнайы есепшот ашық.

Ардақты ағайын! Барлығыңызды осынау игілікті істен қалыс қалмай, өз азаматтық ұстанымдарыңызды білдіріп, барынша қолдау көрсетуге шақырамыз.

Шоттың реквизиттері: НПО «Асыл»

БИН: 051240009478

Есеп шот: KZ699650000031221610

AO «Forte Bank»

Оставить комментарий

Связанные Статьи