Алматыдан 305 шақырым қашықтықта жер сілкінді

/uploads/thumbnail/20180121131846208_small.jpg

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 3 сәуірде Алматы уақытымен 20 сағат 39 минут 39 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 305 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.9. MPV магнитудасы - 4.5, ошағының тереңдігі - 5 км. Жер сілкінісі Алматыда сезілмеді.

Связанные Статьи