Шымкентте жеке кәсіппен айналысқан ер адам мен оның қызы жауыздықпен өлтірілген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі TVK-ға сілтеме беріп.
Жұманов көшесінде кешкі сағат 2-лер шамасында белгісіз біреулер әкесі мен қызын пышақтап кеткен. Олардың бірнеше жерден пышақталған, жараланған денелері үйлерінен табылған. Әзірге қылмыстың себебі белгісіз. Мәліметтерге сүйенсек, көз жұмғандар темекі өнімдерін сатумен айналысқан.