YouTubе-тің штаб-пәтерінде әйел адам қарудан оқ жаудырып, үш адамды жарақаттаған. Кейін өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lenta.ru cайтының дерегін негізге ала отырып. Зардап шеккен үш адам Сан-Францискодағы Цукерберг госпиталіне жеткізілген.
Сондай-ақ, 32 және 27 жастағы екі әйел жарақаттанған. Дәрігерлердің айтуы бойынша, олардың жағдайы ауыр және орташа ауыр. Сан-Бруно полиция бастығы Эд Барберини офицерлердің оқиға орнына жергілікті уақытпен сағат 12:48-де жеткенін мәлімдеді.

Полицейлердің айтуынша, оқиға орнында аласапыран болып, көп адам қашып құтылған. Офицерлер бірнеше минут өткеннен кейін өзін-өзі атқан әйел адамның денесін тапқан.
Сондай-ақ оқиға орнынан қашып бара жатып жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің қолында тапанша болған. Алайда әзірге оның кім екені хабарланған жоқ. YouTube штаб-пәтерінде 1700 адам жұмыс істейді. Компания Google-ға тиесілі және сол аудандағы ірі компания саналады.