Көкшетаулық әйел күйеуін бейтаныс қызбен өлі күйінде тауып алды

/uploads/thumbnail/20171018084858027_small.jpg

Гаражда тұрған көліктен ер адам мен жас қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің дерегін негізге ала отырып. 

3 сәуірде Көкшетау қаласы ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының арнайы желісіне сағат 21:13-те әйел қоңырау шалып, үйдің ауласындағы металл гараждың ішінде тұрған көліктен 34 жастағы күйеуі мен бейтаныс қыздың мәйітін тауып алғанын хабарлайды.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 1992 жылы туған қыздың кім екенін анықтаған. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ екі адамның денесі мәйітханаға жіберіліп, сараптамалар белгіленді. 

Полицияның хабарлауынша, олар газдан уланып өлуі мүмкін. 

Связанные Статьи