Ресейде ойыншық дүкені өртенді

/uploads/thumbnail/20180405082940199_small.jpg

Ресейдің Тюмень қаласындағы RichFamily ойыншықтар дүкенінен өрт шықты. Деректерге сүйенсек, өрт 3 мың шаршы метр аумақты қамтыған. Бұл туралы «Россия 24 арнасы» хабарлады.

Тілсіз жау ғимаратты түгелдей жайлап, дүкеннің шатыры құлаған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

«Өрт сөндіру жұмыстарына 63 адам мен ТЖМ-ның 24 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды. Дүкен ғимараты түгел өртенді. Өрт сөндіру жұмыстары аяқталған соң ғимаратты тексеру, өрттің шығу себептерін анықтау жұмыстары басталады», - дейді ТЖМ өкілі Юрий Юсько.

Связанные Статьи