Түркияның Ыстамбұл қаласындағы көпқабатты аурухана өртенді

/uploads/thumbnail/20180406085248609_small.jpg

Түркияның Ыстамбұл қаласындағы көпқабатты аурухана өртенді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Жергілікті арналардың хабарлауынша, от ең жоғарғы қабатта тұтанып, төмен қарай кеулеген. 

Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жетіп, науқастарды қауіпсіз жерге шығарып, отты сөндіруге кіріскен. Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

Айта кететін болсақ, дәл осы аурухана 7 жыл бұрын да өртенген. Ол кезде нысан ішінде жөндеу жүріп жатқан.

Связанные Статьи