Атлантада белгісіз біреу түнгі клубтан қонақ үйге қайтып келе жатқан америкалық боксшы Флойд Мейвезердің кортежіне оқ жаудырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Атланта полициясының өкілінің айтуынша, оқ атқан адам автокөлікте болған, ол боксшының кортежін біраз уақытқа дейін қуған көрінеді.
Кейін қуғыншыдан құтылған үш көлік Грэди мемориальдық ауруханасына барған, онда аяғынан жарақат алған күзетшілердің біріне медициналық көмек көрсетілді, деп жазды, жергілікті БАҚ өкілдері.
Жарақаттанған жәбірленушінің қазіргі жағдайы қалыпты.
Мейвезерге қарай оқ атылғанын көрген куәгерлер туралы әзірге дерек жоқ. Сондықтан танымал боксшыға оқ атылған-атылмағаны әзірге белгісіз. Алайда полиция бұл оқыс оқиға емес екенін атап өтті.
Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер өз карьерасында 50 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.