Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Ош облысына жолаушылар ұшағымен аттанған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kg-ге сілтеме бері.
Әлеуметтік желіде ұшақ ішінде жолаушылармен бірге Қырғызстан президенті отырғаны мәлімделетін видео пайда болып, қызу талқыға түскен.
Видеода президенттің өзі көрінбейді. Алайда президенттің баспасөз-хатшысы Жээнбековтың Ош облысына өзінің жеке басының жұмыстарымен бара жатқанын, жолаушылар ұшағымен ұшқанын растаған.