Үй сатып алуға келген ер адам бөлменің ішінен мумияны тауып алған

/uploads/thumbnail/20180416093526003_small.jpg

Италияның солстүстігінде аукционға қойылған үйді көруге келген адам сол үйден мумияға айналған үй иесін тауып алған. Оқиға Валле-дел-Пузубо қаласында болған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Ер адам сот органдары өкілдерімен бірге үйді қарауға келгенде, үй ішіндегі бөлмелердің бірінен орындықта отырған мумияны көрген, қорыққандарынан ер адамдар полиция шақырған.

Белгілі болғандай, мумияға айналған дене осы үйдің 42 жастағы иесі Вальтер   Даль-Дзоттоға тиесілі болып шыққан. Ол 2017 жылдың жазында көз жұмған екен. Марқұм жалғызбасты, тұйық адам болған. Анасының өлімінен кейін бұл үйде жалғыз тұрған. Оның тағы ағасы мен әкесі бар екен, алайда олар басқа қалада тұрады. Даль-Дзотто жұмыстан шығып қалған соң, үйінің ипотекасын төлей алмай қалған. Содан кейің оның үйінде электр қуатын өшіріп тастап, үйді аукционға сатылымға қойған.

Үйді сату 24 сәуірден 27 мың евродан  басталу керек болған.

Связанные Статьи