Қытай аудандарының бірінде жастар мәйітті жерлеуге арналған орын сатып алып жатыр. Бұл жайында South China Mrning Post басылымы хабарлайды.
Қытайдың Тунчен уезіне қарасты Хубэй провинциясында тірі адамдар 80 мыңға жуық мазар сатып алған. Олардың арасында жасы онға жетпеген балалар да бар. Ал мазарды сатып алғандардың 95 пайызы 60 жастан асқан тұрғындар. Сонымен қатар орта жастағы тұрғындар да өздеріне мазар сатып алып, жерлейтін орнын дайындап, қамданып қойған.
Бейіт басында мазар иесінің аты-жөні, туған күні жазылған.
Бұған жергілікті дәстүр себеп болып отыр. Бұл маңда 30-ға толған адам өзінің мазарын әзірлеп қояды.
Оставить комментарий