Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды

/uploads/thumbnail/20180417103304828_small.jpg

Сирияның Әуе қорғанысы жүйесі Хомс төңірегінде зымырандардың көзін жойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

«Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Хомс аумағында әуе тыныштығын бұзған зымырандардың көзін жойды», — делінген хабарламада.

Жергілікті БАҚ мәліметіне сүйенсек, Хомс провинциясында Шайрат базасына бағытталған тоғыз зымыран жойылыпты. Шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Пентагон өз кезегінде бұл ауданда ешқандай әскери операция жүргізбегенін мәлімдеді.

Кейінірек Аль-Масдар ақпараттық порталы зымырандар Израильге тиесілі екенін хабарлаған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи