Шымкентте тағы бір жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Бақилық болған 15 жастағы ер бала өз үйінің ауласында асылып қалған. Бұл ақпаратты Облыстық ішкі істер департаменті растады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.
Полицейлердің мәліметінше, қайғылы жағдай 16 сәуірде түскі сағат 13.30-дар шамасында, Самал-3 шағын ауданында болған. Ұлының асылып қалғанын көрген анасы Абай аудандық полиция бөліміне хабар беріпті.
Марқұм қаладағы №87 жалпы орта мектептің 9-сыныбында білім алған. Қазір осы оқиғаға қатысты Абай аудандық полициясы қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 105-ші «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оставить комментарий