Қарағандылық азамат: 26 наурыздан бері соғысқа қатысып жүрмін (видео)

/uploads/thumbnail/20180417123920058_small.png

Украинаның Донбасс қаласындағы соғысқа қатысып жатқан адамдардың қатарында қазақстандық азаматтың бар екені белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Тимур Сейтмұратов Facebook әлеуметтік желісінде жариялады. 

Донбасстағы майданға кеткен азамат Қарағанды қаласының тұрғыны екен. Ол 26 наурыздан бастап бүлікшілердің қатарында соғысып келеді. Лақап аты – "Кирпич".

Бейнежазбадағы сөзінде ол бейкүнә сәбилер мен адамдардың тектен-текке қырылып жатқанын көріп, шыдай алмағанын айтады. Сосын керек-жарағын жинап, "жігіттерге көмектесу үшін" жолға шыққан. 

Сонымен бірге қарағандылық азамат туыстарына Донбасстағы соғысқа кетіп бара жатқанын айтып кеткен. Сөз соңында ол өз ата-анасынан кешірім сұрады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи