Алматы облысында 3 жастағы баланы қорлаған күтушіге үкім шықты

/uploads/thumbnail/20180220224055294_small.jpg

Алматы облысының Талғар ауданында үш жасар баланы азаптаған күтуші әйелге үкім шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.

Жергілікті тұрғындардың үйіне күтуші болып жұмысқа орналасқан келіншек үш жасар баламен жалғыз қалған кезде оған айғайлаған, ұрып-соққан. Ол туралы баланың әке-шешесі үйге орнатылған бейнебақылау камерасынан білген.

— Сотталушы өз айыбын мойындады. Соттың шешімімен ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағына («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері») сәйкес, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, - делінген үкімде.

Облыстық сот өкілдерінің айтуынша, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Связанные Статьи