ШҚО-ның тұрғыны, Бауыржан Момышұлы орденінің иегерін көпшілік «Елбасының егізі» деп жиі атайды екен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап. Қадірәлі Мұқашев биыл өзінің 70 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

Қарулы Күштердің құрметті ардагері Қадырәлі Мұқашевтың айтуынша, оны үнемі Қазақстан президентімен шатастырады екен. Бірде оны Қазақстан мен Ресей шекарасындағы қызметкерлер Қазақстанның президенті екен деп қалған.