Қытайда қайық аударылып 11 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20180421222023800_small.jpg

Сенбіде Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Гуйлинь қаласы аумағында Таохуа өзенінде екі қайық соқтығысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Апат салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 6 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Гуйлинь қалалық әкімшілігінен түскен ақпаратқа қарағанда, апатқа ұшыраған қайық аударылған кезде  57 адам су ішінде қалған, олардың 40-ы құтқарылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Связанные Статьи