Түркияға АҚШ-тан қауіп төніп тұр — Ердоған

/uploads/thumbnail/20180418191039358_small.jpg

Түркия президенті Режеп тайып Ердоған АҚШ-тың әрекетін Түркияға қауіп төндіреді деп бағалады. Бұл жайында Ел президенті NTV арнасына берген сұхбатында хабарлады.

Түркия көшбасшысының айтуынша, АҚШ Сирияға бес мың жүк көлік оқ-дәрі  жіберген. Ол жақта Анкара күрдтердің ұлттық қорғаныс әскері мен «Демократиялық одақ» аталатын күрд партиясына  қарсы «Зәйтүн бұтағы» операциясын жүргізіп жатыр. Анкара оларды террорист деп санайды. 

— Біз АҚШ-тан қару сатып ала алмаймыз. Алайда Америка қару мен оқ-дәрілерді тегін жеткізіп беріп отыр. Бізге қауіп өзіміздің стратегиялық  серіктестерімізден төніп тұр, - деп айтып өтті Ердоған.

Связанные Статьи