Алматы әкімі «Оңтүстік» саяба­ғын аралады

/uploads/thumbnail/20180422233657043_small.jpg

Алматыдағы «Южный» паркі жаңаша түрленбек. Демалыс орнын кілтипансыз кейіпке келтіру керектігін қала басшысы Бауыржан  Байбек тапсырды. Сыннан кейін жауапты мамандар шұғыл түрде жиын өткізіп, жергілікті тұрғындардың пікірін ескерді. Енді саябақтың жолы жөнделіп, су бұрқақтар орнатылады. Оған қоса, веложолақ салынып,  стационарлы дәретхана мен орындықтар қойылмақ. Ал бүлдіршіндер үшін арнайы балалар алаңқайы ашылады. Бастысы, арық жүйесі ретке келтіріледі.

«Салауатты өмір салтын сақтайтын азаматтар саябақтың ішін де гимнастикалық жабдықтар қоюымызды өтінді. Ал иттермен серуенге шығатындар арнайы орынның бөлінуін сұрады. Үлкендер болса, қоқыс жәшігі көптеп қойылса деген өтініш білдірді. Осының бәрін біз ескеретін боламыз», - деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Олжас Жаныспаев.

Саябақ Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай 14,2 гектар аумақты алып жатыр. Қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайда­лануды реттеу басқарма­сының басшысы Әсет Масабаев­тың айтуынша,  жобаға сәйкес саябақта жарық көздерін жаңарту, субұрқақтар жасау, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою, бұрын­нан бар арықтарды жаңарту, сонымен қатар балалар мен спорт алаңдарын, веложолдар жасау қарасты­рылған. «Оңтүстік» саяба­ғына іс-сапармен барған шаһар басшысы:

– Мұнда халықтың барлық топтарына – сәбидің арбасын сүй­реген аналарға, балаларға, ты­ныш­тықты қалайтын ересек жандарға демалу жайлы болуы тиіс. Бұл жер көңіл көтеретін емес, демалатын орын болу керек. Мұнда асфальтты алаңдарды барынша қысқартып, бұрыннан бар төте және жіңішке жолдарды қайта көгал­дандырып, барынша қолайлы әрі көлеңкелі кеңістік жасаған жөн. Үлкен сәулет пішіндегі емес, шағын локальді жарық көздерін орнату қажет. Су ішетін фонтандар, стационарлы дәретханалар, ең бастысы, иттерді серуендететін арнайы қоршалған алаң болуы міндетті», – деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек жұмыс барысымен Оқушылар сарайы маңындағы саябаққа да ден қоюды қадап айтты. Әкім оңтайландыру барысында,  жасыл желекке кесірін тигізбеуі керектігін ескертті.

Связанные Статьи