Кабулдағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20180423085218295_small.jpg

22 сәуірде Ауғанстанның Кабул қаласында болған жарылыстан кем дегенде 57 адам қаза тауып, 120 адам жараланған. Бұл туралы Ауғанстан билігі хабарлады.

Жанкешті Кабулдағы сайлаушыларды тіркеу орталығында өз-өзін жарып жіберген. Бұл уақытта орталыққа төлқұжаттарын алмақ болып көп адам кезекте тұрған.

Құрбан болғандардың ішінде әйелдер мен балалар жоқ деп мәлімдеді Орталық Азия жаңалықтар қызметіне Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Вахидуллах Маджрух.

Жарылысты әзірге ешкім мойнына алмады. Оқиға шииттер көп тұратын қаланың батыс аймағында болған.

Связанные Статьи