Алматыда Экология департаментінің басшысының қатысуымен брифинг өтті

/uploads/thumbnail/20180423110529809_small.jpg

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторинг жүргізудің жүйесін құру экологиялық апатты болдырмауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы ӨКҚ –де Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Орман Ақкозиевтің қатысуымен брифинг өтті.

Оның ақпаратынша «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы ҚР Президентінің Жарлығымен және «Сандық Қазақстан Мемлекеттік бағдарламасы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің Қаулысымен көзделген экология және гидрометеорология саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың нысаналы көрсеткіштерін орындау мақсатында Департаментпен өндірістік экологиялық бақылаудың автоматтандырылған станцияларын нақты уақыт режимінде құруды қамтамасыз ету үшін қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде,-деді ол өз сөзінде.

«Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторинг жүргізудің біріңғай жүйесін» құру саяси және заңды түрде: тұрақты дамудың ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға және экологиялық апатты болдырмауға мүмкіндік береді; қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары саласындағы қоғамды жариялық пен демократияландыру процестерін жүзеге асыруға жәрдемдесу; экологиялық ақпарат ресурстарына жұртшылықтың қол жетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау; экология мәселелері бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу. Экономикалық тұрғыда - табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, әлеуметтік өндіріс, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту. Әлеуметтік тұрғыда - денсаулықты жақсарту және халықтың өмір сүру жасын ұзарту; халықтың экологиялық мәдениетін және экологиялық білімін жетілдіру үшін жағдай жасау,-деп сөзін толықтырды департамент басшысы.

Алматы қаласында жалпы сомасы 1 443,091 млн. теңгеге 105 үйдің 222 лифтісін ауыстыру жоспарлануда.

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Өскенбаев мәлімдеді.

Әнуар Өскенбаевтың баяндауынша,тұрғындармен тек  меншік және жауапкершілік, өз үйі мен өз үйін күтіп-ұстауға  белсенді қатысуға түбегейлі сезімдерін таныту керек.

Бұдан бөлек, екінші деңгейдегі банктерде ПИК алдындағы қасақана борышкерлердің деректерін беру жөнінде бізбен және «Бірінші несиелік бюро» ЖШС арасында Меморандум жасалды. Өкінішке орай, тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған шығыстарға шоттар бойынша үйлердің барлық тұрғындары төлемейді.

Енді қасақана төлемеушілер екінші деңгейдегі банктерден несие ала алмайды.

Бүгінгі күні Басқарма сайтында 100 борышкер бойынша ақпарат орналастырылды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы шеңберінде біздің ведомстволық бағынысты ұйым «Алматы Тұрғын үй» ЖШС көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеуін жүзеге асырды.

Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық уақытында (2011-2017 жж.) жалпы сомасы 5 252,4 млн. теңгеге 539 тұрғын үй жөнделді, оның ішінде:

-284 үйге күрделі жөндеу жүргізілді (оның ішінде қайтарылған қаражатқа 50 үй);

-88 үйге  ескірген элеваторлық тораптар орнына блокты автоматтандырылған жылу пункттері орнатылды;

-167 үйдегі лифтілер ауыстырылды.

2017 жылы ғана 94 үйдегі 199 лифт ауыстырылды, 143 үйге күрделі жөндеу жүргізілді.

Тұтастай алғанда, Алматы қаласының тұрғын үй қорында шамамен 3700 лифт орналасқан, оның нормативтік пайдалану мерзімі 25 жылдан астам және 1700-ден астам бірлік (45%) ауыстыруды талап етеді.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын іске асырудың барлық уақытында сомасы 1 930,7 млн. теңгеге 166 үйдегі 375 лифт ауыстырылды.

Бұдан бөлек, 2018 жылға 35 пайыз ауыстыруды талап ететін лифтілердің санын төмендету үшін, жалпы сомасы 1 443,091 млн. теңгеге 105 үйдің 222 лифтісін ауыстыру жоспарлануда.

Бүгінгі күні 8 үйдегі 16 лифт ауыстырылды. Барлық 222 лифтіні ауыстыру бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2018 жылдың 15 тамызына дейін.

Лифт жабдықтарын ауыстыру жайлылық пен эстетикалық түрді ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар энергия тұтынуды төмендету, ал ең бастысы – қауіпсіздік. Астана қаласында лифт жабдықтарының  істен шығу фактілері орын алған. Осыған байланысты, лифт  қауіптілігі жоғары жабдық болып табылатындығын ескеріп, сапалы лифтілерді ауыстыру және  және тұрғындардың қауіпсіз және жайлы тасымалдауын  қамтамасыз ету үшін тек қана түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді қолдануға бізден ерекше көңіл бөлінеді, - деп сөзін түйіндеді Әнуар Өскенбаев.

Связанные Статьи