Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімімен 4536 сынамалар алынған.
Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде –де Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Орман Ақкозиев мәлімдеді.
Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімімен 2016-2017 жылдары барлығы 4536 сынамалар алынды, соның ішінде атмосфералық ауа – 12, ұйымдастырылған көздерден (өнеркәсіптік шығарындылар) - 1643, қозғалмалы көздер бойынша - 2299, топырақ жамылғысы - 102, су – 476 және радиациялық бақылау – 4. 11844 қоршаған орта компоненттері талданды.
Аналитикалық бақылау нәтижесі бойынша 1 784 718 теңгені құрайтын 58 талап өндіріліп алынды, ал химиялық-талдамалық жұмыстар нәтижесінде сомасы 6 811 820 теңгені құрайтын 131 айыппұл салынып өндірілді,-деп атап өтті департамент басшысы.
Мемлекеттік қызмет көрсету қызметі бойынша Департаментпен 2016-2017 жылдары мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алуға 35 жобалық материалдар қаралды. Оның ішінде 8 мемлекеттік экологиялық сараптамаға оң қорытындылар берілді. Сондай-ақ, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға 8 өтінім қарастырылып, 2 экологиялық рұқсат берілді. Мемлекеттік қызметтер Депаратментпен толығымен электронды форматта «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер базасы» арқылы көрсетіледі,-дейді ол.