Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған 24 әлеуметтік-маңызды жоба жүзеге асырылды.
Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Есенбеков Айдар Рахымжанұлы мәлімдеді.
Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, қалада дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша азаматтық қоғам институттарының әлеуеті тиімді түрде пайдаланылуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың жыл сайын өсу үрдісі байқалуда.
2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға, этносаралық келісім және толеранттылық идеяларын насихаттауға бағытталған 24 әлеуметтік-маңызды жоба жүзеге асырылды.
Жобаның мақсаты өскелең жас қыздардың арасында толеранттылық сананы, қоғамның зайырлылық құндылықтарын қабылдауды қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндірушілік және ағартушылық жұмыстарын жүргізу және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мен өз халқының тарихын құрметтеудің маңызды көрінісі болып табылатын халқының бай мәдени дәстүрі жөнінде хабардар ету.
Клуб аясында діннің өзекті мәселелері, діни экстремизм мен деструктивті ағымдар идеологияларымен күресу бойынша жалпы саны 1800 адам қамтылған оқушылар арасында 40-қа жуық алдын алу және түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Сонымен қатар, «Қоғамда зайырлылық қағидаларын насихаттау бойынша іс-шараларды іске асыру» жобасы аясында мемлекеттік қызметкерлердің, ҮЕҰ өкілдерінің, құқық қорғау органдары, білім беру және мәдениет мекемелері қызметкерлерінің, жастар қоғамдық ұйымдарының және студенттер қозғалысының өкілдері жалпы саны 760-ке жуық адам қатысқан 8 «дөңгелек үстел» және 1 жастар акциясы өтті.
Сонымен бірге, тұрғындарда діни экстремизм мен терроризм идеяларына төзбеушілікті қалыптастыруға, сондай-ақ, деструктивті құбылыстар таралуының алдын алуға (терроризм және экстремизммен күресу) бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шараларды өткізуге негізделген қысқа метражды әлеуметтік роликтер циклы әзірленді.
Сонымен қатар, Рухани келісім күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында 2017 жылғы 18 қазанда ерекшеленген дін қызметкерлерін, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді мүшелерін марапаттау өткізілді. Сонымен, дін аралық бейбітшілік пен рухани келісім, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде, экстремизм және терроризмнен ескертуде белсенді қызметі үшін діни бірлестіктер көшбасшылары клубының және қалалық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қала басшылығының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, кітап көрмесі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға 70 адам қатысты.
Жалпы, жобаларды жүзеге асыру барысында жалпы саны 32 мың адам қамтылған 3 лекция, 59 кездесу, 14 семинар, 275 семинар-тренинг, 3 конференция, 30 «дөңгелек үстел», 15 акция өткізілді, - деп айтты басқарма басшысы.