Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының 2017 жылы атқарған жұмыс нәтижелері және 2018 жылға арналған жоспарлары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифингке Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Есенбеков Айдар Рахымжанұлы қатысып, белгіленген тақырып аясында ой өрбітті.
Басқарма басшысының ақпаратынша, Алматы қаласында 17 конфессиядан (Республика бойынша – 18 конфессия) құралған 179 тіркелген діни бірлестік жұмыс жасайды. 112 діни ғимарат тіркелген. Оның ішінде: 49 мешіт, 19 православтық шіркеу мен собор, 2 католиктік приход, 1 синагога, 1 Вон-буддизм конфессиясының діни ғимараты, 34 протестанттық конфессияның, 4 Ехоба куәгерлерінің, 1 жаңа апостолдық шіркеуінің және Бахай қауымдастығының діни ғимараты.
Бүгінгі күнде қалада 149 миссионер (оның ішінде Ислам - 4, православ - 32, католик - 25, протестант - 53, мормон - 21, жетінші күннің адвентистері - 6, Ехоба куәгерлері - 5, жаңаапостолдық - 2, вон-буддизм - 1) тіркелген.
Тіркелген миссионерлердің басым бөлігін орыс православтық, рим-католиктік және протестанттық шіркеудің өкілдері құрайды.
Алматы қаласында ресми түрде 4 діни оқу орны тіркелген. Оның ішінде:
- «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті;
- ҚР ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін жоғарылату институты;
- «Әбу-Ханифа» колледжі (медресе);
- Православтық шіркеудің Алматы рухани семинариясы.
Қазіргі таңда Алматы қаласында діни әдебиеттерді немесе діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін 36 арнайы стационарлы үй-жайлар тіркелген.
Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің кітаптар қорларында, мәдениет мекемелерінде, түзету мекемелерінде дінтану сараптамасының оң қорытындысын алмаған діни әдебиеттердің таралуына жол бермеуге бағытталған тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен, өткен жылы еркін консультативтік-кеңестік орган болып табылатын Алматы қаласының Діни бірлестіктері көшбасшыларының клубы құрылды және нәтижелі жұмыс жасауда.
Клубтың мақсаты мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін діни бірлестіктер басшыларының ай сайынғы жиынын өткізу. Клуб мүшелерінің мүмкін болатын қызмет саласы діни сенім бостандығындағы, қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Клуб жұмысына Алматы қаласы діни бірлестіктері басшылығының 30-дан астам өкілдері қатысады, оның ішінде 10-ы қала әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің мүшелері. Бұл діни беделділерден өзге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін Клуб және Кеңес сынды екі еркін рухани-қоғамдық қозғалыстың ажырамас екендігін білдіреді.
Кеңестің мақсаты біршама өзгеше. Ол діни сенім бостандығындағы, қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған,- деп хабарлады басқарма басшысы Айдар Рахымжанұлы.