Атырау облысында ер адам 8 келі қара уылдырықты заңсыз сақтаған (видео)

/uploads/thumbnail/20180424123023969_small.png

Атырау облысында бекіре балығының қара уылдырығын заңсыз ұстаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қара уылдырығы бар бірнеше қорап ер адамның аспалы сөмкесінен табылған. Полиция оны әрі қарай тінткенде, үйінен заңсыз сақталған балық өнімдері табылған.

Жергілікті тұрғыннан қара уылдырық салынған 16 пластик банкісі тәркіленді. Бағалы балықтың жалпы салмағы – 8 килограмм.

Связанные Статьи