Тәжікстанда 25 сәуірде толассыз жауған жаңбыр селдің жүруіне себеп болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Аталған оқиға Рудаки ауданының Зайнабобод аумағында болған. Селден пайда болған лай көшкіндері кейбір үйлердің маңайын бүлдіріп, аулаларға толып кетті.
Арнайы комиссия табиғат апатынан келген шығындарды есептеп жатыр. Қазір лай толған су арналары тазаланып, селді тоқтату жұмыстары жалғасуда.
Оставить комментарий