Еуропаның Ұлттық қылмысқа қарсы агенттігі мен құқыққорғау органдары айына 15,00 евроға кез келген сайтты бұғаттай алатын әлемдегі ең ірі Webstresser.org жүйесінің жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі europol.europa.eu-ге сілтеме жасап.
Полицейлер сайттың басы қасында жүргендерді ұстады. Сайттың әкімшілері әлемнің түкпір түкпірінде жұмыс істеген. Құқыққорғау органдары WebStresser-дің АҚШ, Британия, Нидерланды, Австралия және Гонконгтағы әкімшілерін ұстады. Ұсталғандардың есімі аталмады.
Әлемнің кез келген сайттын бұғаттауға қауқары жететін сайтты әшкерелеуге әлемнің түкпір-түкпірінен полицейлер тартылды.
WebStresser арқылы сайтты бұғаттауға тапсырыс берген 136 мың адам тіркелген. Олар 4 миллионнан астам DdoS шабуылға тапсырыс берген.
Оставить комментарий