БҚО-да қағазсыз медицина жүйесі дамымақ

/uploads/thumbnail/20170816182209822_small.jpg

«Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс»

          ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауынан

Биылдан бастап қағазсыз денсаулық жүйесі еліміз бойынша төрт өңірде, яғни Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында пилоттық режимде іске қосылғаны мәлім. Батыс Қазақстан облысында триаж жүйесімен, қағазсыз құжат айналымы, кезексіз емхана, науқастың электронды  төлқұжаты, «K-vrach.к» мобильді қосымшалары жүйелі жұмыс жасап келеді.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың мәлімдеуінше, өткен жылы облыста жалпы өлім көрсеткіші 5,1 пайызға, бала өлімі  14,1 пайызға, туберкулез ауруынан өлім 3,7 пайызға, қатерлі рет салдарынан болатын өлім көрсеткіші 4,7 пайызға кеміген. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 2,1 артқан, бір ана өлімі тіркелген. Алдын алу және скринигтік шаралар барысында 128 802 адам тексеруден өткен. Жедел жәрдем қызметі жаңартылып, ребрендинг жасалған. Шақыруларды өңдеу уақыты азайып, жедел қызмет көрсету сапасы артқан. Облыстағы 40 медициналық ұйымның 19-ы толықтай қағазсыз құжат айналым жүйесіне көшкен. Жыл соңына дейін қалған 21 ұйым да қосылмақ.

Алайда өңірде маман тапшылығы әлі күнге күн тәртібінен түспей келеді. Қанат Дүйсенбайұлының айтуынша, былтыр облысқа 86 дәрігер келген, олардың 42-сі аудан-ауылдарға жолданған. Дейтұрғанмен, әлі 207 дәрігерге сұраныс бар. Соның ішінде 51 жалпы тәжірибедегі дәрігер, 25 акушер-гинеколог, анестезиология және реаниматология саласында 19, кариологияда 10 дәрігер қажет.

Былтыр облыстың 160 мектеп түлегіне жергілікті бюджет қаржысынан жоғарғы оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік берілген еді.Мемлекеттік грантқа ие болғандардың 24-і дәрігер мамандығын таңдаған. Басты талап – оқуларын аяқтаған соң Батыс Қазақстан облысына келіп, кемі бес жыл келісімшарт бойынша еңбек етуге міндетті.

Цифрландырудың тиімділігін дәрігерлермен қатар емделушілер де сезініп отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи