БҚО-да 4160 мемқызметші бар

/uploads/thumbnail/20180306171254823_small.jpg

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында тиімді мемлекеттік басқару туралы біраз мәселе көтерілген еді. Әсіресе өңірлердегі мемлекеттік қызметтің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру,  артылған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажеттігін айтқан болатын.Осы орайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Масимовамен тілдескен едік.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысындап  4160 астам мемлекеттік қызметші болса,  оның  42,6%-ы  ер, 57,4%-ы  әйел адамдар екен.

- Мемқызметкерлердің еңбек ақысы енді факторлы-баллдық шкала (ФБШ) бойынша төленетін болады. Ағымдағы жылы аталмыш жүйе пилоттық режимде Астана, Маңғыстау облысы әкімдіктерінде және Әділет министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне енгізілген.  Халықаралық тәжірибені ескере отырып енгізілген фактарлы-баллдық жүйелі еңбек ақы лауазым функционалының ауқымдылығы мен ерекшілігіне негізделген. Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық мәртебесіне ғана емес, әр қызметкердің тапсырманы орындаудағы  нақты үлесі ескерілетін болады.  Жаңа төлем жүйесінің басты ерекшелігі, жүктелген міндеттер мен нәтижелер шеңбері ескерілген екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – факторлы-баллдық шкала негізіндегі қызметкердің кепілді лауазымдық еңбекақысын алады,  екіншісі – қызметкерлер жыл қорытындысы бойынша еңбектеріне сай бонустарға ие болады,- дейді ол.

Сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысымен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында  оқыту қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қайта даярлауға  жіберіледі және үш жылда бір рет біліктілік арттыру курсынан  өтеді.  Биыл  Батыс Қазақстан облысында 1200-ге  жуық мемлекеттік қызметшілердің біліктілін арттыру жоспарланған.  1 сәуірдегі мәліметке сүйенсек, біліктілікті арттыру бойынша жылдық жоспардың 26%-ы орындалған. Сонымен қоса кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты құру арқылы мемлекеттік кызметтің мансаптық моделі енгізілген болатын. Бұл мемлекеттік қызметшілерге мансаптық өсуін жоспарлауға,  кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді. Аталған моделдің жүйесінде, мемлекеттік кызметке алғаш орналасушылар өздерінің кәсіби қызметтерін төменгі лауазымнан бастауда. Айта кетсек, облыс бойынша  жыл  басынан бері  90-нан  астам адам  мемлекеттік қызметке төменгі лауазымнан өз қызметтерін бастаған.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

Оставить комментарий

Связанные Статьи