Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйел сотталды

/uploads/thumbnail/20180427133613635_small.jpg

Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында С. есімді азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру» бойынша қылмыстық іс қаралды.

«2012 жылы интернет-ресурстары арқылы ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекеттерімен танысқан сотталушы С. жұртты жиһадқа шақырып, жарылыс жасауды үгіттеген», - делінген сот хабарламасында.

Сот отырысы барысында әйел өзіне тағылған барлық айыппен келісті. Айыпты деп танылған С.-ны сот жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Связанные Статьи