Оралда мектеп мұғалімі көз жұмды

/uploads/thumbnail/20180207152432482_small.jpg

Бүгін Оралға қарасты Желаев кентіндегі №14 мектепте қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем стансасына шақырту сағат 12.47-де түскен. Әйел мектептің акт залында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

1963 жылғы мұғалім артериальды гипертензиямен есепте тұрған. Жедел жәрдем бригадасы мектепке сағат 12.56-да жеткен.

Еске сала кетейік, Оралда бұдан бұрын 6 наурызда ҰБТ сынағы кезінде №32 мектеп мұғалімі қайтыс болған еді.

Связанные Статьи