БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20180409143302331_small.jpg

Батыс Қазақстан облысында алдағы күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 28 сәуірде күндіз, 29 сәуірде тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

28 сәуірде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Орал қаласында да осындай ауа райы күтіледі.

БҚО ТЖ департаменті өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқанын жеткізді.

Связанные Статьи