Өрт сөндіру қызметінің бұрынғы басшысы Сергей Генин «Зимняя вишня» сауда үйіндегі өртті сөндіру кезінде жұмысына салғырт қарады» деп айыпталып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол тергеу изоляторынан хат жазды. Оны Сібір аудандық ТЖҚ басапасөз қызметі жариялады.
Сергей Генин хатында алғыс айтады.
«Ризашылығымды қалай жеткізетінімді де білмеймін... Өмірде бәрі тұрақсыз. Мұндай жағдайда боламын деп ешқашан ойламаппын» деп жазды өрт сөндіруші.
Сергей Генин оған көршілер мен тергеу изоляторының қызметкерлері қолдау білідіріп отырғанын да жазды.
«Камераға кіргенде есеңгіреп қалдым. Олар маған қолдау білдірді... Қазір жағдайым түзелген сияқты. Әкімшіліктің маған қатысты қарым-қатынасы түзу» деп жазды Генин.
Тергеу изоляторындағы алғашқы күндер қиын болғанын айтады. Ол ұйықтай алмай біраз қиналған. Оған психологтар, көршілері мен әкімшілер көмектескен.
Генин хатында жақын арада үйіне, жұмысына оралуда қалайтынын жазған.
Тергеушілердің мәліметінше, Сергей Генинге қысқа жолмен қалай жүруге болатыны айтылған, бірақ ол қызметкерлерін ұзақ жолмен жүруге мәжбүрлеген.
Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда 4 қабатты «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт болды. 60 адам көз жұмды. Оның көбі – балалар. Өртте көз жұмғандардың біразы жоғары қабатта орналасқан кинотеатрдан шыға алмай қалған.