2010 жылғы 22-ші ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №104 қаулысымен Тараз қаласының 2010-2025 жылдырға дамуының бас жоспары бекітілген болатын. Жаңа бас жоспар бекітілгеннен кейін Тараз қаласының аумағына қосымша 5954 гектар жер телімі қосылды. Бекітілген Бас жоспар бойынша Тараз қаласының аумағы 18787 га құрайды.
2011-2017 жылдары бас жоспар негізінде Асқаров көшесінің соңындағы 312 гектар тұрғын ауданы, 250 гектарлық «Көлтоған» тұрғын ауданы, 369 гектарлық «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» тұрғын ауданы, «Арай» алқабындағы 35 гектар, Қарасай алқабындағы 126,6 гектар, Хамукат алқабындағы 125 гектар, Автобекет маңындағы 539 га, Сүлейменов көшесінің соңындағы 362,2 гектар, Арай алқабындағы 14 гектар, Автобекет маңындағы 100 га аумаққа, "Казарма" 315 га тұрғын алқабына егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары дайындалды. Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы "Жамбыл облысы елді мекендерінің бас жоспарын әзірлеу және сәулеттік келбетін жақсарту туралы" №135 қаулысына сәйкес Абай, Жамбыл, Төле би даңғылдарының және Талас өзенінің бойына жоспарлау жобаларын дайындау тапсырылған болатын. Қала аумағынан бас жоспарды жүзеге асыру бойынша дайындалатын қала құрылысы жобаларына Жамбыл облысы әкімінің 13.01.2016 жылғы №11-ө өкімімен бекітілген «Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бойынша 2017 жылға 311 млн. тенге көлеміндегі қаржы қарастырылып, бүгінгі күнге қала аумағындағы дайындалатын қала құрылысы жобаларының құрмында Төле би, Абай, Жамбыл даңғылдары және Комратов, Сүлейменов, Пушкин көшелерінің жоспарлау жобаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Дайындалып жатқан жобаларда қаламыздың негізгі магистралды көшелерінің сәулеттік келбеті, көше бойындағы құрлыстардың орналасу тәртібі, құрылыстардың нысаналы мақсаты, құрылысты реттеу "қызыл сызықтары" нақтыланып, қасбеттерінің әрлеу шешімдері көрсетілетін болады. Сонымен қатар аталған көшелердің қайта құру аумағына кіретін жерлердегі болашақта салынатын құрылыстардың түрі мен көлемі анықталып, аталған аумақтағы бұзылуға жататын нысандар нақты белгіленеді. Сондай-ақ осы көшелердің бойында демалыс аумақтарын орналастыру, саяжайлар мен скверлерді қайта жаңғырту, көше бойындағы сәулеттік-көркемдік нысандарды орнату бойынша жобалық ұсыныстар дайындалуда. Қала құрылысын жобалау саласындағы келесі мәселелер бұл қаламыздың негізгі көшелерінің сәулеттік келбетін жақсарту және қала аумағында жүргізілетін құрылыстарды реттеу. Сонымен қатар Тараз қаласының бас жоспарын жүзеге асыру барысында біршама өзгерістер енгізілгені белгілі. Қала аумақтарының сәулеттік келбетін жақсарту бойынша дайындалып жатқан тағы бір негізгі жоба бұл орталықтағы тарихи-мәдени аумақты қайта құру жобасы. Қала орталығындағы тарихи-мәдени аумақты қайта құрудың бас жоспарда көрсетілген концепциясы жүзеге асырылуы қиын жоба екендігін уақыт көрсетіп отыр. Өйткені бас жоспар бойынша белгіленген жобалық шешім көптеген аумақтарды толығымен бұзу арқылы жүзеге асырылатындықтан, экономикалық тұрғыдан өте тиімсіз және Тараз қаласының қалыптасу тарихына толық сәйкес келмейді. Сол себепті бүгінгі күнге орталық аумақты тарихи қалыптасқан көшелер жүйесін ескере отырып, тиімді етіп қайта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның мақсаты соңғы жиналған тарихи-археологиялық мәліметтерді пайдалана отырып тарихи орталықтың келбетін жақсартудың тиімді жобасын жасау.
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Молдабаев