Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі және әкімдік бөлімдерімен мемлекеттік қызметтердің 72 түрі (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 38 - қағаз және электронды түрде, 34 – қағаз түрінде) көрсетіледі. Соның ішінде:
- АХАТ бөлімшесі – 10
- Сәулет және қала құрылысы бөлімі– 4
- Тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 6
- Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 1
- Жер қатынастары бөлімі – 5
- Ветеринария бөлімі – 4, оның ішінде, 2-і Тараз қаласы әкімдігінің ветеринарлық қызметінде
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 17, оның ішінде, 3-і Халықты жұмыспен қамту орталығында
- Білім бөлімі – 25
Тараз қаласында 2018 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 30715, (2017ж. жалпы саны – 183567) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- қағаз түрінде - 10331;
- мемлекеттік корпорация арқылы - 11147;
- электронды түрде - 9237
Бүгінгі таңда әкімдік бөлімдері «Е-әкімдік» (білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері), «Е-лицензиялау» (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ветеринария, сәулет,және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдері), Халыққа қызмет көрсету орталығы Ықпалдастырылған ақпараттық жүйелері арқылы тұтынушыларға қызмет көрсетеді және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша күнделікті мониторинг жасалып отырады.
Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, қала әкімінің «taraz-gov.kz» ресми сайтына, әлеуметтік желілерде видео–роликтер мен ақпараттар орналастырылып, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерімен (АХАТ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, ТЖКШ, ЖК және АЖ, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары) және әкім аппараты бөлімшесімен (АХАТ) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы шағын бейнероликтер әзірленіп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Тараз қаласы бөлімдерінің операциялық залдарында және Тараз қаласы әкімінің taraz-gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылды.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды халыққа танымал ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып тұрады, мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Сонымен қатар бірнеше қызмет бойынша видео-роликтер қала әкімінің сайтына және халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастырылды. Электрондық қызметтерді насихаттау және олардың сапасын арттыру, жемқорлық байланыстарын азайту мақсатында, ақпан айында М.Мақатаев атындағы №14 орта мектепте бірлескен «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жәрмеңке барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сұранысқа ие салалары бойынша (жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, білім беру, жұмыспен қамту, АХАТ, ветеринария, халықты жұмыспен қамту орталығы) қажетті консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шара шеңберінде онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 наурызы күні Достық үйінде «Өз бетіңше қызмет ал» акциясы өткізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат Тараз қаласы әкімінің «taraz-gov.kz» ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» парақшасында орналастырылған.
Қала әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №422-ө өкімімен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес тиісті бөлімдерде бақылау іс-шаралары жүргізілді.