Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығымен бекітілген дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру және негізгі көрсеткіш бойынша бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын Республика көлемінде 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу туралы тапсырмасын орындау және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындары жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шүғылдану үшін Тараз қаласындағы спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында 517 спорт нысандары жайлы толық ақпарат жыл басынан бұқаралық ақпарат құралдары және Тараз қаласы әкімінің сайты арқылы халықтың назарына ұсынылуда.
Қазіргі таңда Тараз қаласында 7 облыстық мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебі, 6 кәсіби спорт клубы, олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернаты, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы және "Тараз-Арена" спорт сарайы жұмыс атқаруда.
Тараз қаласында халықтың жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шүғылдану үшін жыл санап жаңа спорт нысандары бой көтеруде. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен де қаладағы мөлтек аудандарда, шалғай алқаптар мен парктерде спорттық алаңшалар салынуда.
Атап айтқанда 2016 жылы жасанды төсеніші бар 2 кіші - футбол алаңшасы және 7 «Street Workout» спорт алаңшалары салынса, 2017 жылы 5 кіші-футбол алаңшасы және 4 «Street Workout» спорт алаңшалары салынды. Ал 2018 жылы 3 әмбебап спорт алаңшасы және 3 «Street Workout» спорт алаңшаларының салынуы жоспарлануда.
Сонымен қатар 2018 жылдың наурыз айында Тараз қаласында «Туған жерге туыңды тік!». Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы осы бағыт аясында спортпен шұғылданушылардың санын арттыру мақсатында «Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіров "Мыңбұлақ" (9) мөлтек ауданындағы №21, 28 үйлерінің маңында әмбебап спорт алаңшасын салып, халықтың пайдалануына сыйға тарты.
Қала тұрғындары жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шүғылдану үшін спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру жұмыстары одан әрі жүргізілетін болады.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабай