Тараз қаласында индустриалдық аймақ құру үшін екі жер белгіленіп отыр. Оның бірі бұрынғы «Химпром-2030» АҚ маңынан (қазіргі «ТМЗ» ЖШС) индустриалдық аймақ құру үшін 48,8 га жер телімі, сонымен қатар Тараз қаласындағы Аса-Тараз тас жолының бойында («Жамбыл гипс» және «Тараз Alina pro» ЖШС арасында) орналасқан 40,2 га жер телімі. Аталған индустриалды аймақтарға қажетті инфрақұрылымдарды тарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп қажетті қаражат көлемі анықталуда. Индустриалдық аймақтарға кәсіпкерлерді тарту бойынша 2016-2018 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетіне мақалалар берілген, Тараз қаласы әкімдігінің сайтына хабарландыру жарияланған және де кәсіпкерлермен өткен кездесулерде индустриалдық аймақ жөніндегі ақпарат үздіксіз насихатталып отырды. Нәтижесінде бүгінгі күні төрт кәсіпкер өз жобаларын ұсынып, қызығушылық танытуда. Ағымдағы жылдың мамыр айының басында Жамбыл облысының әкіміне жоғарыда аталған индустиалдық аймақтар бойынша ұсыныс енгізілетін болады. Ұсыныс оң нәтижесін берген жағдайда, индустриалдық аймақ жөніндегі мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша жарияланатындығын мәлімдейміз.
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Н.Тұрысбеков