Елбасы АҚШ президентімен арада болған әңгіме туралы айтты

/uploads/thumbnail/20180404152515508_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі күнінде Астанада мерекені тойлауға жиналған халықтың алдына сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздері жайлы айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

"Сіздер менің іссапармен Америкада болғанымды білесіздер. Сол елдің президенті Дональд Трамп менен былай деп сұрады (оның әріптестері бір қатарда, біз қарама-қарсы отырдық): "Сіздер қай елдермен жауласасыздар?" Мен Қазақстанның ешқандай жауы жоғын айттым. Сонда Трамп былай деді: "Қараңыздар, Қазақстан ешкіммен жанжалдаспайды, ал біздің айналамыздың барлығы жау". Алла осымыздан айыра көрмесін", - деді Назарбаев. 

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақ елі монументінің алдындағы алаңға мерекені тойлауға жиналған халықтың алдына шығып, сөз сөйледі.

Связанные Статьи