Орыстарға көп сіңген ұлт ұлыстар - немістер, еврейлер, грузиндер делінген. Бірақ ең көп сіңгендер- финно-угр этностары: мордва, чуваш, эрзя, мокша, т.б. Айтылмағандардың ішінде татарлар. Орыстанғандар өз өнерін , сауда , банкирлер еңбегі мен капиталын Ресейге сіңірді. Орыстың орыстығын олар бұзған жоқ, керісінші күшейті.
Қазаққа сіңген ұлттар мен ұлыстар кімдер болған?Алдымен қалмақтар ең көп сіңгендер. Қалмақтар ойсырады себебі Қытай(Манчжур династиясы) билеушілері және қазақ қосындары Жоңғар мемлекетін күйретті, ал қытайлар оларға геноцид жасады, қашқан қалмақтар қазақ арасын паналады. Бара келе қазаққа сіңді. Қазаққа башқұрттар мен татарлар сіне бастады. Бүгінгі күні Өзбекстаннан көшкен қарақалпақтар, жергілікті өзбектер мен ұйғырлар қазақтанып келеді. Қазақ арасында ұлтаралық некелер 6%, жартысы орыспен, қалғаны- татар, өзбек, ұйғырмен. Әрине орыс пен татар мен некелескендердің бір бөлігі орыстанып кетті. Сонымен, қазақ ассимиляциядан құрыған жоқ, сәл өсті, мәдени техникалық дәрежесі өсті. Бүгінгі күні Қазақстанда саяси ұлт құрған жөн. Бірақ саяси қазақ ұлтының тілі қазақ тілі ғана болуы керек. Егерде қазақ орыс мектебіне барса ол орыстанудың кепілі болады. Қазақстанда жақын болашақта негізінен бірегей қазақ мектебі басымгерлігі болуы керек. Қазақ тілінің басымгерлігі "позитивтік ұлттық дискриминация" мен "нормативтік ұлтшылдық" арқылы жүзеге асады. Екеуіде - демократиялық талап.
Әзімбай Ғали