Францияда тұратын ресейлік Олеся Шемякова қателесіп даяшыға 7,7 мың франк (2,5 миллион теңге) шайпұл тастап кеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Blick-қа сілтеме жасап.
Олеся бір шыны кофе мен бір тілім торттың ақшасын беру кезінде қателесіп 7,7 мың франк төлеген. Бұл жағдай былтыр ақпанда орын алған. Жұмыссыз әйел банктен қағаз келгенде ғана қатесін байқаған.

«Мен өз көзіме өзім сенбедім. Менің қателесіп кеткенім айдан анық еді ғой. Мен бұл ақшаға Францияда бірнеше ай өмір сүре алушы едім ғой» деді Шемякова.
Банк те, полиция да Олесяға көмектесе алмаған. Әйел мейрамхана басшысына барған. Бастапқы кезде ақшаны қайтарып беретінін айтқан, бірақ бірнеше уақыт өткеннен кейін байланысқа шықпайтын болған.