Париждегі бірінші мамырға арналған демонстрациядан кейін қара киім мен бетперде киген жастар қаланың берекетін қашырған. Бұл оқиғадан кейін полиция 102 адамды тұтқындады.
Парижде өткен бірінші мамырға арналған демонстрация үлкен тәртіпсіздікке ұласты. Шеру барысында қара киім мен бетперде киген мыңға жуық азамат мейрамханалар мен кафелерге шабуыл жасап, көліктерді өртеген.
Полиция алғашында болып жатқан оқиғаға мән бермеді. Тек ушығып кеткен соң көз жасаурататын газ арқылы шеруге қарсы күш қолданды.
Ел президенті Эммануэль Макрон тәртіпсіздікті қатаң айыптап, жауаптылардың жазаланатынын мәлімдеді.