Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфографикасына сәйкес, ауаның ластануынан жылына 7 млн-ға жуық адам қайтыс болады. Олардың 21 пайызы өкпе қабынуынан, 20 пайызы талма ауруларынан, 34 пайызы жүрек, ал 19 пайызы созылмалы өкпе ауруларынан, 7 пайызы қатерлі ісіктің салдарынан қаза тапқандар. Тізімнің көшін уақытын ас үй мен далада жиі өткізетін балалар мен әйелдер бастады.
ДДСҰ-ның мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы лас ортада өмір сүрген 4,2 млн адам мерт болды. 3,8 млн адам тамақ дайындау кезінде бөлініп шыққан улы майлардың салдарынан дауасыз ауруларға шалдыққан. ДДСҰ статистикасына сәйкес, бүгінде әлемде он адамның тоғызы ластанған ауамен тыныстайды.