Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жылғы бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындығына арналған баспасөз маслихаты өтті.
«Тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылды. Былтыр 40 мың сұрақ болса, биыл 119 мың сұрақ бар. Оның ішінде 3 мыңдай сұрақ ағылшын тілінде. Сондықтан, осы 119 мың сұрақтың ішінде 11 пайызы функционалдық сауаттылық бойынша, ал 37 пайызы бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарға құрылған сұрақтар. Бүгінгі таңда 69 963 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген, соның ішінде 73 мыңы қазақ тілінде тапсырамын деген өтініш. Бұл 80 пайызға жуық көрсеткіш. Ал жалпы биыл мектеп бітіретін түлектердің саны 146 мың, оның 69 пайызы тестілеуге қатысуыға өтініш берді», - деп мәлімдеді ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры Рамазан Әлімқұлов.
Ағымдағы жылы ҰБТ тестілеу өткізудің 167 орталығында өтетін болады. Ал әр пәннен шектеулі балл – 60. Ауылшаруашылығы мен ветеренария бойынша шекті балл - 60, Ұлттық университеттер мен медицина мамандықтарына шекті балл – 65.
Еске сала кетсек, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 10 мамырына дейін жалғасады. Ал тестілеу ағымдағы жылдың 20 маусымынан 1 шілдесі аралығында өтеді. ҰБТ 5 пән бойынша жүргізіледі, 3 міндетті және таңдалған мамандығына сәйкес 2 профильді пән.
Мұрат Рахимжанов