Мексикандық жұп тұңғышының есімін қазақстандық боксшы Головкиннің (37-0-1, 33 КО) құрметіне Геннадий деп қойды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жас жұп Лос-Анджелесте өткен Геннадий Головкин мен оның қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) қатысқан пресс-конференцияға келген. Конференциядан кейін мексикандық жұп Геннадий Головкинді баласы Геннадимен фотоға түсуді сұрады. Чемпион қуана ұсынысты қабыл алды.

Головкин Мексикада танымал. Боксшы талай мәрте мексикандық тағамдарды жақсы көретінін және мексикандық стильде бокстескен ұнайтынын айтқан.