ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 71-ші Канн кинофестивалінде "Үздік актриса" атанған қазақстандық Самал Еслямованы құттықтады.
"71-ші Канн кинофестивалінің халықаралық қазылар алқасы үздік әйел ролі сыйлығын Қазақстанның тумасы, актриса Самал Еслямоваға берді.
Самал ГИТИС-та оқыған және оның бірінші рет түскен фильмі Сергей Дворцевойға сәттілік алып келді - оның "Тюльпан" атты картинасы 2008 жылы Қазақстанның қатысуымен, ОҚО Бетпақдалада түсірілді, ол Канн кинофестивалі бағдарламасының маңызы жағынан екінші саналатын "Ерекше көзқарас" Гран-приін жеңіп алды. Тура 10 жыл өткенде Дворцевой мен Еслямова "Айка" жұмысымен тағы бір сәттілікке жетті, ол фильмді бес кино компания түсірген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары. Бұл шығармашыл тандемді құттықтаймын! Сіздерге сәттілік және жаңа жеңістер тілеймін!", - деді министр өзінің facebook парақшасындағы құттықтауында.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған.
Оставить комментарий