Куәгерлердің айтуынша, оқиға 20 мамыр күні түнде "Комсомольское" кен орнында болған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz- сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері хабарлағандай, оқиға салдарынан "М-Техсервис" ЖШС-нің үш қызметкері зардап шеккен. Жедел жәрдем авиациясы оларды таңғы 05:10-да түрлі дәрежедегі күйікпен шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізді. Денесінің 60 пайызын күйік шалған бір мұнайшы жан сақтау бөліміне, екі жұмысшы травматология бөліміне түскен.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оставить комментарий