"Құлап бара жатқан ұшақта Құдайға сенбейтін адам болмайды" (видео)

/uploads/thumbnail/20180523085226975_small.png

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзінің Facebook парақшасында апатты жағдайда қонған ұшақта түсірілген видеоны жариялады. Одан ұшақтағы адамдардың жанұшыра айқайлап, қорыққанын аңғаруға болады. Ақын видеоны түсірген ер адамның өмірдегі қорқынышты сәтте Алланы еске алып, одан кешірім сұрағанына риза болды. 

"Алла сақтады! 
Бейтаныс бауырыма раxмет, Жаратушыдан кешірім сұрап, иманын бекемдеп отырудан шаршаған жоқ...
Біздің басымыздан да талай нәрсе өтіп жатыр ғой, осылай Алланы еске алып, тәубемізге келіп жүрміз бе..? 
Әлде, "ойбайлап" немесе аузымыздан байқаусыз боқтық сөздер шығып кетіп жүр ме..? 
Жүрекке не сіңірсек, қысылғанда сол шығады, деген рас қой...
Қауіпті жағдайға тап болғанда емес, бейбіт күн, берекелі уақыттардың бәрінде тілімізден көркем сөз төгіліп, ішкі дүниемізді жаман ойдан тазартып жүрсек, өкінбейтініміз анық.
"Құлап бара жатқан ұшақта Құдайға сенбейтін адам болмайды" дегенді бұрынғылар бекер айтпаған ғой...
Алла баршамызды аяқ асты апаттан, тосыннан келген тақсыреттен сақтасын!
" деп жазды Мұхамеджан Тазабек. 

Связанные Статьи